Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар селфидің адамдарды бақытты қылатынын айтады

Күлімсіреп түсірген селфи көңілді көтереді. Суретті достармен бөліскен тіпті жақсы деп санайды  Калифорния университетінің (АҚШ) ғалымдары.

111_21

Олар ерікті студенттердің қатысуымен тәжірибе өткізді. 28 қыз бен 13 жігіт ғалымдарға көмектесуге ниет танытты, деп хабарлады The Siasat Daily.

Олар төрт апта бойы қалыпты жағдайда өмір сүрді – сабаққа барды, үй тапсырмасын орындады, достарымен кездесті. Бұған дейін қатысушылар бірқатар сұраққа жауап берді. Ғалымдар еріктілерге смартфондарына селфи түсіруге және көңіл-күйді жазуға арналған түрлі қосымшаларды жүктеуге көмектесті.

Росбалт атап өткендей, қатысушыларды үш топқа бөлді. Біріншісінен күлімсіреп селфи жасауды, екіншісін оларды бақытты қылатындардың фотосын түсіруге, үшіншілерден өзге адамға ұнайтын нәрсені түсіруді сұрады.

2900-ға жуық жазбаны сараптай келе, ғалымдар еріктілердің көңіл-күйлері жақсарғанын аңғарды. Зерттеуден кейін  бірінші топтағы қатысушылардың өзіне деген сенімі артты.  Екінші топтағы еріктілер көбірек ойланып, көптеген нәрсені бағалай бастады. Ал үшінші топтағы студенттердің сабыры артты. Сондай-ақ олар достары және туысқандарымен фото алмастыру күйзелісті жоюға көмектескенін атап өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейде қыз бен жігіт селфи жасау үшін үш автокөлікті өртеп жіберген

Әлемнің ең қауіпті жерлерінде селфи жасаушы ресейлік фотограф (фото)

Фанат Мессимен селфи жасау үшін оның яхтасына дейін бірнеше шақырым жүзіп жеткен

Пойыз үстінде селфи жасамақ болған павлодарлық жігіт өлім аузынан қалды

Талқылау