Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар себебін түсіндіріп бере алмаған жұмбақтар

Қазіргі таңда өркениет өте жылдам дамып, ғылым биік дәрежеге жеткеніне қарамастан жер бетінде әлі де түйіні тарқатылмаған жұмбақтар баршылық.

1479980550_060f

Бұл туралы AdMe.ru хабарлайды.

Мысықтар қалай пырылдайды

00a645e2625e5725676d08afbccdcb60

Мысықтардың өздеріне жайлы сәтте пырылдайтыны белгілі. Алайда, бұл әрекетті олардың қалай істейтінін ешкім білмейді. Мысықтың тамағында дәл ондай дауысты шығарып тұруға қабілетті арнайы орган жоқ. Ғалымдардың айтуынша мысықтар дірілдеген дыбысты шығару үшін дыбыс желбезектерін пайдаланады. Ал біз оны пырылдаған күйде естиміз. Сондай-ақ, зерттеу кезінде белгілі болғандай олардың пырылдау жиілігі жараның тез жазылып, қалпына келуіне де әсер етеді екен. Демек, сіздің мысығыңыз тәп-тәуір дәрігер деген сөз.

Сиырлардағы магнитті компас

origin_50065a9f2fd0847cows

Бұл туралы сірә, сіз ойланбағанда шығарсыз. Google Earth сервисі пайда болғаннан кейін, ол жайылып жүрген сиырларды сан мыңдаған суретке тартып, ерекше заңдылықты анықтаған. Сиырлардың 70 пайызы жүріп бара жатқан кезде немесе су ішіп тұрған сәтте бастарын үнемі солтүстікке немесе оңтүстікке бұрады екен. Бұл жергілікті жерге, ауа-райы және басқа да факторларға қарамастан әлемнің барлық түкпірінде дәл солай қайталанады.

Күн жүйесінде қанша планета бар?

5905fcf8

Ғалымдар Плутонды ресми түрде күн жүйесінен алып тастағалы бері, онда 8 планета қалды. Алайда біздің күн жүйесінің айналасындағы әркелкілік әлі күнге жалғасып келе жатыр. Бұған бір себеп – Меркурий мен Күннің аралығы тым жарық, ал Уран аумағы тым қараңғы. Ал Плутоннан кейін мұзды нысандардан тұратын Койпер белдеуі орналасқан. Ғалымдар ол жерден Плутонның көлеміндей жүздеген мың нысандарды тауып жатыр. Айтпақшы, олар Койпер белдеуінен үлкен жарықты байқаған. Демек, онда Жер немесе Марс секілді тағы бір планета болуы мүмкін. Енді алдағы уақытта ғалымдар галактикадағы планета туралы ақпараттарын әбден өңдеп, мектеп оқулықтарын қайта жазып шығатын секілді.

Біз неге түс көреміз?

1479980550_060f

Көптеген адамдар түсті жәй ғана образдар мен мидың импульсі деп санайды. Ал басқалары болса онда терең мағына жатыр, бұл адамның қуанышы мен қайғысы деп біледі. Бірақ, ол солай ма, олай емес пе, ешкім нақты жауабын бере алатын емес. Түсті зерттеумен онейрология деп аталатын жеке ғылым айналысады. Бұл саладағы ғалымдардың тұжырымына сүйенсек, түстер адамдарың терең жасырын психикасынан хабар беріп тұрады.

Оқи отырыңыз:

5 жасар балақай мульфильмің арқасында анасын ажалдан аман алып қалды

Кәріс қызы 123 қабатты ғимаратқа өрмелеп шықты (видео)

Вашингтон вокзалындағы алып экранда порно көрсетіліп кетті

Қазақстанның туы Нью-Йоркте өткен гей-шеруде желбіреді (видео)

Талқылау