Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар саунаның пайдасы туралы айтты

Саунаға үнемі бару көптеген аурудың алдын алып, өмір сүру ұзақтығына оң әсер етеді. Шығыс Финляндия университетінің дәрігерлері зерттеу барысында осындай қорытындыға келді. Зерттеу The Conversation ғылыми басылымында жарияланды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Финляндия мен Ұлыбританияның бір топ ғалымы 24 жыл бойы 1620 ер адамның денсаулығын бақылады.

Дәрігерлердің айтуынша, саунаға үнемі барып тұру (аптасына төрт-жеті рет) жоғары қан қысымы қатерін 50 пайызға төмендетеді. Яғни, жоғары температура жүрек қағысын үдетіп, қан тамырларының кеңеюіне әкеледі. Нәтижесінде қан айналымы жақсарады.

Бұған қоса, саунаға жиі барғандарда пневмония мен басқа да тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыру қатері төмендеген.

Ғалымдардың мұның алдындағы зерттеу жұмысы 2015 жылы жарияланған еді. Онда дәрігерлер 20 жыл бойы 2300 ер адамның денсаулығын бақылады. Зерттеу нәтижесі саунаны жақсы көретіндердің жүрек-қан тамырлары ауруларына, инсультқа анағұрлым аз шалдығатынын, әрі ұзақ өмір сүретінін көрсетті.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық хирургтер науқасқа жаңа тіл жасап берді

Дәрігерлер «угги» етігінің денсаулық үшін қауіпті екенін анықтады

Баланың табанында барлық ағзаға жауапты нүктелер бар: Ұқалай отырып ауырсынуды басуға болады

Қырғызстанда өндірілген кей тағамдар сапасыз әрі қауіпті болып шықты

Талқылау