Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Сатурн серігінде тіршілік иелері болуы мүмкін

Халықаралық астрономдар тобы Энцеладеде тіршілік иелері болуы мүмкін деген болжам жасады. Себебі, аталған ғаламшар серігі өмір сүруге барлық жағынан қолайлы.

Бұл туралы Nature Astronomy журналында жазылды.

Ғалымдар Сатурн серігінен гидротермальды белсенділікті байқаған. Аталған белсенділік су мен ай ядросының өзара жанасуынан туады. Осының арқасында аталған аймақта тіршілік иелері үшін қолайлы жағдайлар пайда болады.

Энцеладеде үлкен тұщы теңіз бар. Ол қалыңдығы 1-25 км тереңдікте орналасқан. Бетін мұз жауып тұр. Әзірге осы мұзды күн сәулесі еріте алмай тұр. Алайда қажетті энергияны гидротермальды қайнар көздері су түбінен жоғарыға тасымалдай алады. Осының арқасында тіршілік иелері өздерін қажетті минералдармен қамтамасыз етеді.


Жіберіп алмаңыз:

Баласы ауыр дерттен көз жұматын болған соң ата-анасы Жаңа жылды қарашада өткізбек

Қатерлі дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды

Қостанайда 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

Алматыда көлік ішіндегілер жаяу жүргіншіні атып кетті (видео)

Талқылау