Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар сағыз шайнаған адамның семіретінін дәлелдеді

Шайнауға арналған резеңкені әлемде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек санатына жатқызып келді. Сағыздың тек тіске ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы екенін дәрігерлер да растады.

d1415b8a2b42fd3de559fc65b31aa094

Сурет: pulson.ru 

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылатыны бәрімізге аян.

Бірақ, шайнауға арналған резеңке құрамына қатысты ғалымдар арасында дау туындады. Біреуі сағызды, бұрынғысынша, пайдалы десе, басқа біреуі сағыз адамның семіруіне себепкер болады деп есептейді.

Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде сағыз адамды семіртетіні расталды. Адам организміндегі артық салмақтың жиналуына сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепкер екен.

Бір жылда аспартамнан 215 әйел, 56 ер адам зардап шеккен. Олар сағызды күніне бірнеше рет шайнағанда, айына 200 данадан аса сағызды тұтынған. Жарты жыл өтпей-ақ адамдар көп салмақ қоса бастаған. Ал 48 адамның асқазанында гастрит және т.б. түрлі аурулар анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, күнделікті тұрмыстағы қантқа қарағанда, аспартам май қабаттарын 40 пайызға көбейтеді. Сондықтан мамандар күніне сағыздың бір данасын ғана шайнауға немесе сағыздан мүлде бас тартуға кеңес береді.

Талқылау