Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар пайдалы шоколад ойлап шығарды

Ғалымдар алғаш рет майлылығы аз шоколад өндірісі туралы жаңалық аша алды. Олар болашақта бұл өнім адамның жүрек-тамыр жүйесіне зияны аз өнімге айналады деп үміттенеді.

dark-chocolate-625_625x350_81446793065

Сурет positime.ru

Бұл туралы dni.ru хабарлайды.

АҚШ-тағы Темпль университетінің ғалымдары шоколадты майлылығы аз етіп өндірудің әдісін тапты. Бұған дейін бұл әдіс шоколад майлылығынан айырылса жабысқақтық қасиеті кеміп, конвейердің құбыр желісіне бітеліп қалуы себепті іске аспаған болатын.

Алайда ғалымдар электрлі жүйе арқылы майлы емес шоколадтың да жабысқақтығына әсер ететін әдіс тапты. 1600 вольтқа ие электрлі жүйе арқылы какаоның қатқыл бөлігі сүйір шынжырлы қалыпқа жабысады. Бұл шоколад массасының жабысқақтығын төмендетіп, оның майлылығын 10 пайызға азайтуға көмектеседі. Бұл шоколадты жақсы көретін адамдардың денсаулығына зиян келтірмеуге мүмкіндік береді.

“Қанша дегенмен шоколадты көп тұтынатын балалар болғандықтан онда майдың аз болуы өте маңызды”, – дейді ғалымдар.

Талқылау