Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Павлодар жұртын дүрліктірген видеоға қатысты түсініктеме берді (видео)

Павлодарлық биологтар атты адамды масалар талап жатқаны түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді, бейнематериал әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

маса11

Қансорғыштан қорғану мақсатында малшы бетіне бетперде, көзіне көзілдірік киген. Масалар атқа да шабуылдап жатқанын көруге болады. You Tube желісіне «Бұл Павлодарда, масқара» тақырыбымен жүктелген видеоны ақпараттық ресурстар жариялаған соң тұрғындар арасында түрлі пікір қалыптасты.

Биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Ахметов видеодағы жәндіктерді шіркей немесе масалар түріне жатқызу қиын дейді.

«Жәндіктер масадан әлдеқайда үлкен. Өз басым, бөгелек болар деп топшыладым. Павлодар облысында бұл жәндіктер әзірге көзге түсе қойған жоқ. Сондықтан, бейнематериал өзге аймақтарда және басқа уақытты түсірілуі мүмкін», – дейді Қ. Ахметов.

Бөгелек – қос қанаттылар отрядына жататын жоғары сатыда дамыған жәндіктер. Ересек бөгелектің ұзындығы – 8-20 мм. Түсі сарғыш қоңыр, сарғыш бурыл болып келеді.

Биология ғылымдарының кандидаты Денис Пономаревтің айтуынша, шыбын-шіркейлерді жаппай жою мүмкін емес. Тек қана ғылыми зерттеулер жүргізіп, бақылау жасауға болады.

«Қазіргі таңда шыбын-шіркейлер тұрғындардың мазасын алып жатқаны рас. Олардың кейбір түрі күзге дейін өмір сүреді. Шіркейлер, негізі, инеліктер шыққан кезде айтарлықтай азаяды. Ал инеліктер маусым айының екінші онкүндігінде көбейеді», – дейді Д.Пономарев.

Ғалымдардың айтуынша, Ертіс өзенінің Павлодар қаласындағы тұсы кешенді түрде зерттелмек. Жұмыстар 5-15 шілде аралығында жүргізіледі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл Павлодарда қансорғыш жәндіктермен күресуге 117 милион теңге бөлінген. 18 мамырда мердігер фирма Ертіс өзеніне биопрепараттардың 19 тоннасын төкті. Жалпы, дезинсекциялық жұмыстар барысында қолданылатын препараттардың көмегімен қансорғыштардың  80 пайызға жуығын жоюға мүмкіндік бар. Оларға қарсы кешенді жұмыстар 10 жыл бойы үздіксіз жүргізілуде

 

 

Талқылау