Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: парацетамол балаларда аутизм дертін тудырады

Жүктілік кезінде парацетамол қабылдау жаңа туатын ер жынысты баланың бойында аутизм аурын тудырып, ал әйел жынысты болып өмірге келетін баланың денсаулығына да үлкен зиян келтіруі мүмкін.

1e260957-c9a1-48d2-9500-e68b182e7dd2

Мұндай қорытындыға Испаниядағы экологиялық эпидемиология орталығының зерттеушілері келген.

Сауалнамаға 2644 бір жас және бес жастағы баласы бар жас ана қатысқан. Кәмелетке толмаған балалардағы неврологиялық даму деңгейі аутистикалық спектрдағы балалар тесті, Коннер Киддидің үздіксіз назар аудару тесті және назар аудару және гипербелсенділік синдромының жетіспеушілігі баяндамасы арқылы өлшенген.

Аналардың 40 пайызы жүктіліктің алғашқы 32 аптасында парацетамол қабылдағаны туралы айтқан. Анасы парацетамол ішкен 5 жастағы балалар бойында жоғаоры белсенділік пен ырықсыздық байқалған. Парацетамолды тұрақты түрде қабылдау визуалды ақпараттарды қабылдау көрсеткіші бойынша ара қатынас құрған. Сондай-ақ, аналары үнемі осы дәріні ішкен балалар аутистикалық спектр синдромына жолыққан.

Дәрігер Жорди Джальвездің айтуынша, парацетамолдың теріс көрсеткіштері оның тікелей тағайындамасымен байланысты болуы мүмкін.

“Ең алдымен ол ауруды азайтады, мидағы рецепторларға әсер етеді. Ол рецепторлардың жетілуін және нейрондардың межсинаптикалық байланыстарын қадағалайды. Парацетамол осы әрекеттерге кедергі келтіреді екен. Сонымен қатар, ол иммунды жүйеге де әсер етіп, бқлек эмбриондар үшін токсинге айналуы да мүмкін”, – деп хабарлады дәрігер.

Талқылау