Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Пакеттегі сүт бауырға зиян

Полиэтиленді пакеттегі немесе пластикалық бөтелкедегі сүттер денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Мұндай пакеттер фталаттар, яғни улы заттар шығарады. Ал ол фталаттар сүтке және онымен бірге адам ағзасына түседі. Бұл бауыр мен эндокринді (гормональды) жүйе үшін қауіпті.

Ғалымдар: Пакеттегі сүт бауырға зиян

Бұл туралы ғалымдардың зерттеуі Федералдық зерттеу орталығында жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Фталаттар алғаш рет 1920 жылдары синтезделді. Соңғы күш пен икемділікті қамтамасыз ету үшін пластмасса өндірісіндегі фталаттарды белсенді пайдалану 1930 жылдары басталды”, – делінген мақалада.

Ғалымдар полиэтилен пакеттері мен бөтелкелердегі 25 сүт үлгісін алып, оның құрамында фталаттардың бар-жоғын тексерді. Пакеттердегі сүт үлгісінің 58%-ы және бөтелкедегі үлгілердің 40% -ы улы заттар болып шықты. Ал тетрапакеттердегі сүттің құрамы зерттелмеді, бірақ бұл қаптамада да шамамен 20% полиэтилен бар.

Содан кейін ғалымдар пластикалық бөтелкедегі сүтті ішетін балалар мен ересектердің ағзасына түсетін фталаттардың күнделікті мөлшерін есептеді. Мысалы, алты жасқа дейінгі бала үшін тәуліктік доза 5,61 – 0,01 мг құрайды.

Сондай-ақ, олар үнемі пакеттегі немесе пластикалық бөтелкелердегі сүтті тұтынатын адам үшін «фталаттардың күнделікті дозасын» есептеп, денсаулыққа келетін зиянды анықтады.

Фталаттардың бір түрінің қауіпті индексі бауыр үшін 1,24, ал эндокриндік жүйе үшін 1,84 құрады. Бұл өте жоғары көрсеткіш.

«Полимерлі қаптамадағы сүтті тұтынған кезде бауыр мен гормоналды жүйеге әсер ететін адам өмірі үшін қауіп пайда болады», – делінген зерттеуде. Сарапшылардың пікірінше, фталаттардың көбі майлы сүтте болуы мүмкін.

Фталаттардың ерекшелігі олар пластмассамен молекулярлық байланыста емес. Сондықтан олар ауаға, суға және майға өте жылдам көшеді. Сонымен қатар, жылы ортада олардың теріс әсер күшейе түседі. Мысалы, бала резеңке ойыншықтармен ваннада ойнайтын болса, онда зияны арта түселді.

Пластикалық бөтелкелердегі фталаттар, әрине, сүтке ғана емес, кез келген өнімге, мысалы суға түседі. Жалпы алғанда, қазіргі заманда олардан қашып құтыла алмайсың. Олар аяқ-киімде, жасанды былғары киім мен маталарда, құрылыс және әрлеу материалдарында (жууға болатын тұсқағаздар, линолеум, бояулар, лактар және т.б.) және тіпті ойыншықтарда кездеседі.

Фталаттар бауыр мен эндокриндік жүйеден басқа, бүйрекке, өкпеге және басқа да көптеген мүшелерге кері әсер етеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз.

Талқылау