Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар организм үшін ең пайдалы тағамдарды атады

Ұлыбританиялық диетологтар адамдарды бақытты етіп қана қоймай, түрлі аурудан арылуға көмектесетін тағамдық өнімдер тізімін жасады, деп жазады Stan.kz.

Ғалымдар организм үшін ең пайдалы тағамдарды атады

Аталған тізімде бірінші орын балдыркөк пен жаңғақ майына берілген. Балдыркөктің құрамындағы апигенин организмге антидепрессанттар сияқты әсер етеді. Ол күйзеліс пен үрей сезімінен арылуға сеп болып, тыныштандырады. Ал жаңғақ майының құрамында мидың жақсы жұмыс істеуі үшін қажетті ақуыздар мен майлар бар.

Сонымен қатар организм үшін пайдалы өнімдері тізіміне мисо-сорпа мен кептірілген манго, авокадо, жұмыртқа, кешью жаңғақтары, қарабидай крекері, бұқтырылған ет, карри соусы, шоколад пен салат жапырағы бар.

Диетологтардың пікірінше, күнделікті нақты бір тағамды жеу организмнің өзін өзі тазарту және бақылау қабілетін қалпына келтіріп, қанды сұйылтып, мидағы қан айналымды жақсартып, зат алмасуын реттейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау