Ғалымдар ондаған жыл бойы емі табылмаған қатерлі ісікті емдеудің жолын тапты

Глазго университетінің ғалымдары химиотерапияға арналған дәрі-дәрмектердің белсенділігін зерттеу барысында қатерлі ісікке қарсы арнайы дәрі-дәрмектер құрамында қолданылатын EGFR ингибиторларының қосымша еммен қатарласа отырып онкологиялық аурулардың ауыр түрлерін емдей алатынын анықтады.

Ғалымдар ондаған жыл бойы емі табылмаған қатерлі ісікті емдеудің жолын тапты

Бұл туралы Science басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мамандар аталған емнің жаңа әдісін зертханалық жағдайда ішкі ағзаларды, өкпені зақымдайтын онкологиялық аурудың ауыр түрі аденокарциномаға қарсы қолданып көрген. EGFR ингибиторларының екінші буыны KRAS гендерінің белсенділігіне әсер ете алатын қабілеті байқалған.

Айта кетсек, бұған дейін KRAS гендерінің себебінен өкпенің қатерлі ісігін дәстүрлі еммен емдеу мүмкін болмаған еді.

Қазіргі уақытта ғалымдар жаңа әдісті сертификаттаумен және тәжірибелік-зертханалық кезеңнен клиникалық зерттеуге ауысуға дайындалуда.

Егер қатерлі ісікті емдеудің бұл әдісінің тиімділігі дәлелденсе, өкпенің қатерлі ісігін жеңу мүмкін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар