Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар мидың ойлау қабілеті жыл мезгіліне байланысты болатынын анықтады

Мидың түсіну және қабылдау қабілеті жылдың мезгіліне байланысты болады. Осыған дейін адамдардың көңіл-қошы жыл мезгіліне байланысты болатыны туралы тұжырымдар келтірілді.

d2ec24

Бірақ, ми жұмысының мезгілдерге байланысты болуы аз зерттелген тақырып екен.

Льеж Университетінің ғалымдары өткізген ғылыми тәжірибеге 28 ерікті қатысқан. Олар жылдың 4 мезгілінде арнайы зертханада сыртқа шықпай, бірнеше күнді өткізген.  Осындай әрбір оқшаулау кезеңінен кейін оқымыстылар олардың ми жұмысын алуан түрлі тест арқылы тескеріп, ойлау қабілеттерін зерттеген.

Нәтижесінде тест қорытындылары жыл мезгіліне байланысты болмағанымен, бұл сынақтардан өтуге қажетті ми ресурстарының қоры жыл мезгіліне тікелей тәуелді болатыны анықталды.

Талқылау