Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар мерекеге орай 14-22 наурыз аралығын демалыс деп белгілеуді ұсынды

Ғалымдар Наурыз мерекесінің еліміздегі танымалдылығы мен беделі арта түсу үшін арнайы каникул күндері енгізілуі тиіс деп есептейді.

9651411

Сурет Еркен Салихов

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Қазақстандық зерттеушілер Наурызды елімізде тойлаудың жаңаша формасын ұсынып отыр. Олар мейрам 14-22 наурыз аралығында тойлану керек дейді. Философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім мектептегі көктемгі каникул уақытын өзгерту арқылы, бұл мерекеге басқаша қырынан қарау керек деп санайды.

“Наурыз – табиғаттың өзгерістерімен астасып жатқан мейрам. Мен оқушылар, студенттер үшін “наурыз каникулдары” деген идея ұсынамын. Осы арқылы олар үйлеріне барып емін-еркін Наурызды тойлап қайтар еді”, – дейді ғалым.

Сондай-ақ, ғалым балалар Жаңа жылды сыйлықтар беретіні үшін жақсы көретінін, сондай жаңалықтың Наурызға да енгізілуі қажеттігін айтты.

“Егер біздің идеямыз бойынша өзгеріс енгізетін болса, онда балалар “біз наурыз каникулға шықтық” немесе “наурыз демалысында біз мынадай нәрсе жоспарлап отырмыз” деп айтар еді. Біз бұл туралы бірінші рет айтып отырған жоқ. Тек білім министрлігі осы туралы ойланып шешім қабылдауы керек. Бұл қиын емес, егер іске асса тамаша болар еді”, – дейді Ғарифолла Есім.

Талқылау