Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар екі басты акула тапты

Ғалымдар су жануарының ерекше түрін тапты. Генетикалық ауытқушылығы бар акула түрлері зерттеушілердің таңданысын туғызды.

01-two-headed-shark

Осыдан бірнеше жыл бұрын Флорида жағалауында балық аулап жүрген адамдар құрсағында екі басты ұрығы бар акула тауып алды. Ал 2008 жылы тағы бір балықшы Үнді мұхитынан екі басты көгілдір түсті акулаға кезікті, деп жазды National Geographic.

Сондай-ақ, 2011 жылы Калифорния бұғазы мен Мексиканың солтүстік-батысынан табылған қос басты акулаларға сиам егіздері деп баға берілді. Жалпы қос басты акулалар саны бір мезетте көбейіп кетті. Себебі жыртқыштың бұл түрі сол уақытта 50-ге жуық бала өмірге алып келген. Бұл туралы Мексикадағы ұлттық политехникалық институттағы зерттеу жетекшісі Фелипе Гальван-Маганья айтты.

Испандық зерттеушілер Атлант мұхитынан қос басты мысық тектес акуланы анықтады. Зерттеушілер мұндай акуланың адам өміріне туғызатын қаупін анықтау үшін зертхана жұмыстарын жүргізді. Сол уақытта акуланың жұмыртқасынан ерекше эмбрион табылды.

Қос басты жануар сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан. Ең әрі дегенде жыртқыштың бұл түрі 42 күн өмір сүруі керек еді. Алайда оның ғұмыры бұл мерзімнен асып түсті.

Ғалымдар зерттеу жүргізу үшін акуланың жұмыртқасын ашты. Жоба жетекшісі Валентин Санс-Команың айтуынша, хайуанның қанша уақыт өмір сүретіні және өзгеріске ұшырау-ұшырамауы белгісіз. Себебі бұл акуланың жұмыртқа жасушасынан табылған алғашқы сиамдық егіздер. Олардың ғұмыры ұзақ болмайды деген де болжам бар.

Мутацияның себептері

Санс-Кома және әріптестерінің пайымдауынша мұндай екібасты мысық-акуланың пайда болуы генетикалық ауруға шалдыққаннан болуы мүмкін, өйткені эмбриондар зертханада 800 үлгі арасында өсірілген. Жыртқыш акулалардың өсіп-дамуы көптеген факторларға байланысты: оның ішінде вирустық инфекциялар, айналаның ластануы, генофондтың қысқаруы, т.б.

Келесі зерттеу үшін теңіз зерттеушісі Николя Ехман акуланың екі түрін алды. Олардың бірі тегіс терілі, ал екіншісі Венесуэладан табылған аспан түстес акула. Мексика политехникалық институтының студенті Ехманның пікірінше, табиғатта мұндай қос басты хайуандар көбейетін болса, онда запастағы балық қорын жоятын жандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Себебі бұл жағдай хайуанның жойылып кетуіне апарып соқтыруы мүмкін.

02-two-headed-shark.adapt.590.1

Ал 2011 жылғы зерттеу авторы Гальван-Маганьяның пікірінше, екібасты акулалар саны әзірге көп емес.

Гальван-Маганья бұған дейін де түр-әлпеті ерекше акулаларды кездестірген. 2011 жылы Мексикадан табылған жыртқыштың небәрі 1 көзі болған.

03-two-headed-shark.adapt.590.1

Ал Ехман ұсқынсыз акулалар зерттеуге қиын тақырып екенін айтып өтті. Себебі әлемнің бірнеше нүктесінен табылған бұл жыртқышты табу оңай емес.

Жіберіп алмаңыз: 

Канадалық азамат бейтаныс қызға бауырын беріп артынша оған үйленді (фото)

Мысық бір жыл бойы иесі жатқан зират басына түнеген

Әлемдегі ең ұзын көпірдің биіктіктен қарағандағы көрінісі (видео)

Ағасы мен қарындасы әйгілі Дракула қорғанында табыттың ішінде түнеп шықты

Талқылау