Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар маскүнемдіктің ақыл-ой кемістігіне әкелетінін анықтады

Маскүнемдіктің ақыл-ес кемістігіне алып келу қаупі зор. Бұл тұжырымды Франция мен Канаданың ғалымы анықтады.Зерттеу нәтижесі The Lancet Public Health журналында жарияланды.

Франциядағы ауруханаларда ем қабылдаған 57 353 адамға талдау жасалған. Зерттеуге қатысқан науқастардың бәрінде деменция (ақыл-ой кемістігі) ауруының бастапқы кезеңі анықталды.

Зерттеу кезінде белгілі болғандай, науқастардың 38,9 пайызы ішімдікке қатты әуес болған, 17,6 пайызы маскүнемдік салдарынан түрлі дертке шалдыққан.

Нәтижесінде, деменциямен ауыратын пациенттердің 56,5 пайызында сырқаттың ішімдікпен тікелей байланысы анықталды. Ғалымдардың айтуынша, бұл тұжырым ер адамдарға да, әйелдерге де қатысты.

 

 

Талқылау