Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Америкалық психолог мамандар ұйқысыздықтың немесе аз ұйықтаудың денсаулыққа пайдалы екенін анықтады. Ол күйзеліспен күресуге, психика саулығына әсер етеді екен.

Бұл туралы The Journal of Clinical Psychiatry басылымы хабарлайды.

Ғалымдар ұйқысыздық тақырыбындағы 66 тәуелсіз зерттеуді өзара салыстырып, қайта қарап шыққан. Ғылыми еңбектер “ұйқының депривациясы”, “депрессия” деген тірек сөздер жиілігі бойынша таңдалған.

Нәтижесінде, жартылай (20-21 сағат) және толық (36 сағатқа дейін) ұйқысыздық науқас адамдардың 50%-дағы депрессия белгілерін жеңілдетуге көмектесетіні анықталған. Бір қызығы, олардың психикалық саулығының қалпына келуі алғашқы ұйқысыз тәуліктен кейін-ақ байқалған. Осылайша, америкалық ғалымдар депрессияны ұйқысыздықпен емдеу әдісіне кірісіп кетті.


Жіберіп алмаңыз:

Таразда дәрігерлердің кесірінен 7 айлық сәби мүгедек болып қалған

ОҚО-дағы орталық мешітте Құран кітабы дәретхана қағазы ретінде пайдаланылып келген

Алматыда жасанды iPhone құрастырып сатып келген цех табылды (видео)

Зайсанды қар басып қалды (видео)

Талқылау