Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: күн сайын душ қабылдау дұрыс емес

Күнделікті гигиена туралы бәрін білемін деп ойласаңыз, қателесесіз. Медициналық ассоциациялар мен кәсіби мамандардың зерттеуін ескере келе, бүгін біз тазалық жайын сөз етеміз.

1289641085_2

Шашты қаншалықты жиі жуған дұрыс?

Шашты күнде жуу керек деген пікір — қате. Жалпы көп нәрсе сіздің теріңіздің түр-сипатына байланысты: теріңіз құрғақ немесе қалыпты болса, шашты аптасына бір немесе екі рет жууға кеңес берілген. Бұл туралы Business Insider жазды.

1277

Күніне қанша рет тіс тазалау керек?

2161

Американдық стоматологтар ассоциациясы күніне екі рет екі минуттан тіс тазалауға кеңес береді. Алайда мамандар тәуліктің қай уақытында тіс жуу керектігін айтпаған. Әсіресе, ұйықтар алдында тісті мұқият тазалаған жөн. Себебі ұйықтап жатқан кезде сілекейлі темірдің белсенділігі төмендеп, тісжегінің пайда болу ықтималдығы жоғары болады.

Антиперспирант немесе дезодорантты қай кезде пайдаланған дұрыс?

I should have tried that new deodorant!

Ең дұрыс шешім — ұйықтар алдында. Осылайша сіз оның тері мен иіске қарсы әсер етуніе мол мүмкіндік туғызасыз. Ондай заттардың көбісі 24 сағат жұмыс істейді, сол себепті жұмыс күні аяқталғанға дейін өзіңізге сенімді жүрсеңіз болады.

Қаншалықты жиі душ қабылдаған жөн?

4119

Ғалымдардың пайымдауынша екі-үш күнде бір рет душ қабылдасаңыз, соның өзі жеткілікті. Әрине, қандай жерде және қандай жағдайларда өмір сүретініңіз, спортпен қаншалықты жиі айналысатыныңыз өз алдына. Тәуліктің қай уақытында деген сұраққа келсек, ол да көптеген факторларға байланысты. Мәселен, теріңіз майлы болса, кешкі уақытта душ қабылдаған абзал.

Тырнақты қанша уақыт сайын алу керек?

x8RV7aHSp0JHnf8e-lg

Аптасына бір не екі рет. Бастысы – тырнақтың тегіс алынуын қадағалаңыз.

Көзілдірікті қанша уақыт сайын тазалаған дұрыс?

889

Optometry Australia-ға сәйкес, жақсы көргіңіз келсе, өте жиі тазалап тұрған дұрыс. Тек көзілдірікті жейдеңізге сүтрпеңіз. Көзілдірікті таза қалыпта ұстау үшін сәнді спрей ұстау міндетті емес — ыдыс жууға арналған ерітінділер мен судың өзі жеткілікті. Көзілдірікті таза мақта-матамен сүрткеніңіз абзал.

Жіберіп алмаңыз: 

Елімізде кейбір йогурт пен қойытылған сүт өнімдері денсаулыққа зиянды болып шықты

Майонездің денсаулыққа зиянды екені рас па

Дәрігерлер денсаулықты жақсартып, салмақ тастау үшін ыстық ванна қабылдауға кеңес береді

Денсаулыққа ең қауіпті жемістер

Талқылау