Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар “кроссовки киген мумияның” неден көз жұмғанын анықтады

Былтырғы жылдың маусым айында археологтар ертеректе Батыс Моңғолияда аяқ киіммен жерленген әйелдің қалдықтарын анықтады. Мүрде жерден 2803 метр биіктікте  Узуул Гилан (Uzuul Gylan) таулы аймағынан табылған. Әйелдің аяқ киімі Adidas маркалы кроссовкиіне ұқсас болғандықтан, ғалымдар оған «кроссовкилі мумия» деп ат қойған.

2018054

Бұл туралы ағылшын басылымы The Daily Mail хабарлады.

Зерттеу барысында әйелдің басқа тиген соққыдан көз жұмғаны анықталған. Сондай-ақ, көзі тірі кезінде тігінші болған деген болжам жасалды.

Қалдықпен бірге ер-тоқым, жүген, қойдың басы, жастықтар, саздан жасалған ыдыс, ағаш табақ, шөміш, темір бақыраш, және Орталық Азияны мекендеген түріктер мен моңғолдардың ұлттық киімі табылған.

Археологтар табылған әйелдің мүрдесі мен заттардың Түрік империясының құлауы мен Қырғыз қағанатының құрылуы (IX-X ғасыр) кезеңіне жататынын айтты.

«Зерттеу нәтижелері әйелдің басына зақым келгенін анықтады. Бұған бет сүйегіндегі іздер дәлел бола алады», – деп жазады басылым.

Ғалымдар әйелдің нақты қайтыс болған күнін де жария етті. Ол шамамен 1 100 жыл бұрын кісі қолынан 30-40 жас аралығында қазақ тапқан.

«Ол тігінші болған деп болжам отырмыз. Өйткені сөмкеден тігінге арналған заттар жиынтығы табылды», – дейді зерттеушілер.

Әйелдің өмірі мен өліміне қатысты деректерді анықтауға оның жоғарғы жақта орналасуы септігін тигізген. Соның арқасында мүрде талан-таражға салынбай, таулы климатта мумия күйінде сақталған.

Жіберіп алмаңыз:

Кәсіпкер қарамағындағы қыздардың жеке суреттерін порно-сайттарға жүктеген

70 жастағы шалдан жүкті болған жезөкше жұмысын ары қарай жалғастырмақ

Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)

Төсі шектен тыс үлкен ұсқынсыз стюардесса әлемді шошытты (фото)

Талқылау