Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: көк шәй қан тамырларының жарылып кетуінің алдын алады

Жер бетінде өзге халықтарға қарағанда әлдеқайда ұзақ өмір сүретін жапондардың 80 пайызы әр күн сайын көк шай ішеді екен.

0784c5636b276700a5c5101745e3aad8

Фото: kaztrk.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Ғалымдардың айтуы бойынша көк шай ішу арқылы қан және күре тамырлардың кеңейіп кетуіне жол бермеуге болады екен.

Құрсақ қолқасының жіңішкеруі және оның кенеттен үзілуі – егде жастағы адамдардың өлімінің басты себебі. Зерттеу бойынша егде еркектердің 2-8 пайызы 65 және одан жоғары жата аталған проблемамен зардап шегеді екен. Әр жыл сайын тамырлардың ажырауы жер бетінде 150 мыңнан астам адамның өмірін қияды.

“Құрсақ қолқасындағы қан тамырларының кеңеюі адамдарға бірден білінбейді екен. Қашан артериялар жарылмайынша ешқандай симптом байқалмайды. Егер адам денсаулығындағы сондай ақауды байқай алса оған операция жасап, оған жасанды тамыр салып немесе дененің басқа бөлігін қоюға тура келеді. Өйткені, қазіргі таңда бұл ауруды емдеудің ешқандай фармакологиялық әдісі жоқ”, – дейді Киото университетінің маманы Кендзи Минаката.

Күнделікті тұтынатын азық-түліктердегі әртүрлі биологиялық белсенді заттардың егде тартқан тышқанның жүрегі мен тамырларына қалай әсер ететінін зерттеген Минаката мен оның әріптестері, бұл қиындықтың зардабын төмендететін әдіс ойлап тапқан.

Олардың сынақ-тәжірибесі көрсеткендей, көк шәй құрамындағы үлкен көлемде сақталатын полифенольды бірігулер тышқан денесіндегі құрсақ қолқа тамырларына жақсы әсер етіп, тамырлардың кеңеюі мен олардың жарылуының алдын алатыны байқалған.

Биологтардың айтуынша, көк шәйдегі күшті антиоксиданттар тамыр жасушаларының жарылуына жол бермей, оларды қалпына келтіру процесіне бағыттаған. Ғалымдар сынақ үшін тышқанды бекер таңдап алып отырған жоқ. Адам мен тышқанның организмі өте ұқсас болып келеді.

“Күн сайын көк шәй ішу қан тамырларының кеңеюіне бағытталған бірден-бір стратегиялық қадам деп санауға болады. Біз келесі тәжірибелік жұмысымыз барысында шәйдің қаншалықты мөлшерде ішілу керектігін айтамыз”, – дейді Минакатаның университеттегі әріптесі Хидетоси Масумото.

Талқылау