Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Кофе ішу бауырдың қатерлі ісікке шалдығу қаупін төмендетеді

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының қатерлі ісікті зерттеуі бойынша, кофе ішу адамды түрлі ауруларға ұшыратпай, керісінше бауыр мен эндометриозды жатырдың қатерлі ісікке шалдығуының қаупін төмендедеті.

59919_0

Сурет: hochu.ua 

Сараптама мәліметтерінше, кофе ішу 1991 жылдан бері зерттеліп, адам денсаулығына концерогенді деп есептеліп, онкологиялық аурулар тудырмайтыны анықталған. Кейіннен 1000 шақты адам мен жануарларға зерттеу жүргізіліп, кофенің асқазан мен әйелдердің төсінде қатерлі ісікті болдырмайтыны, бауыр мен жатырда да қатерлі ісік ауруларын туғызбайтыны белгілі болды.

Сарапшылар қатерлі ісіктің 65 градустан жоғары температурадағы ыстық сусындар ішкен жағдайда туындауы мүмкін екенін болжайды. Ыстық су ішкен жануарларды тексергенде де осындай нәтиже алған. Зерттеу Қытай, Иран, Түркия мен Оңтүстік Америка елдерінде жүргізілген.

Өңештің қатерлі ісігі әлемдегі ең көп таралған онкологиялық аурулар ішінде 8-орында тұр. 2012 жылы өңештің қатерлі ісігі салдарынан 400 мың адам өлімі тіркелген.

Ғалымдар сол себепті шай мен суды ыстық күйінде ішпей, суытып ішуге кеңес береді. Бұдан бөлек өңештің қатерлі ісігі алкоголь мен темекіден де болатынын ескертеді.

Жіберіп алмаңыз:

Кофенің кейбір ауруларға қарсы көмектесетін пайдалы жақтары анықталды

Шай немесе кофе – ағзамызға қайсысы пайдалырақ?

Талқылау