Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар кей адамдардың көлікте не үшін өзін нашар сезінетінін анықтады

Кардифф университетінің ғалымдары жолаушылардың неліктен көлікте өздерін нашар сезінетіндерін анықтады.  Адам миы айналада болып жатқан оқиғалардан қарама-қайшы сигналдарды қабылдап алады екен. Соның әсерінен ол «тербеліске» ұшырайды.

1471355510_uchenye-vyyasnili-pochemu-lyudey-ukachivaet-pri-ezde-v-avtomobilyah

Фото: nz1.ru

Автокөлікте келе жатқан адам бір мезгілде орнында тұрып, бір мезгілде қозғалып бара жатқандай сезінеді. Бұл орайда көз бен бұлшықеттер миға ақпаратты жеткізеді. Адамның көзі оның қозғалыста екенін білдірсе, бұлшықеттер оның бір орында тұрғандығын жекізеді.

Адамның миы көп жағдайда көздің белгісіне иланады. Алайда қарама-қайшылықтың салдарынан адам ағзасы түсініксіз жағдайда қалып қояды. Дәл осы себепті де жолаушының басы айналып, жүрегі айниды.

Британдық зерттеушілер «тербеліс» эффектінің неліктен барлық адамға бірдей әсер етпейтінін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жалғастырмақ. Мамандардың пікірінше, оны анықтау автокөлікте жайсыз сезінетіндер үшін арнайы дәрі ойлап табуға мүмкіндік береді.

Жіберіп алмаңыз: 

Ғалымдар жер бетінен динозаврларды жойып жіберген жанартауды зерттеуге аттанды

Ғалымдар: Әйелдер 5 жылдан артық сүйе алмайды

Ғалымдар адамның өлгеннен кейін де тірі болатынын анықтады

Ғалымдардың айтуынша, обыр дертін акуланың қанымен емдеуге болады

 

Талқылау