Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар кешкі асты кешіктіріп ішудің қауіпті екенін анықтады

Ұйқыға дейін екі сағат бұрын тамақтану әдеті сүт безінің қатерлі ісігіне және обыр дертінің дамуына әкелуі мүмкін. Зерттеу жүргізген Барселонадағы Ғаламдық денсаулық сақтау институтының зерттеушілері осындай қорытындыға келді.

Ғалымдар кешкі асты кешіктіріп ішудің қауіпті екенін анықтады

Ғалымдар жүргізген зерттеудің қорытындысы International Journal of Cancer басылымында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Зерттеушілер сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан 205 әйелдің және обыр дертінен зардап шегетін  621 ер адамдардың деректерін талдады. Сондай-ақ, зерттеуге қатерлі ісікке шалдықпаған, алайда тәжірибеге өз еріктерімен қатысуға ниет білдірген бақылау тобы да қатысты. Оларға ұйқы және тамақтану тәртібі туралы сұрақ қойылды.

Мамандар сүт безі қатерлі ісігіне және обыр дертіне көбінесе ұйықтауға екі сағат қалғанда тамақтанатын адамдардың шалдығатынын анықтады.

Ғалымдардың пікірінше, бұл аурулар көп жағдайда ауытқулары дененің тәуліктік ырғақтарына тәуелді гормондардың белсенділігіне байланысты. Ал кешкі асты кешіктіріп ішу қатерлі ісікті дамытудың алғашқы себебі болмақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау