Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар кәуап әуесқойларын ерте өлу қаупі туралы ескертті

Көмірде дайындалған тағамды жиі тұтыну жүрек ауруына байланысты мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін арттырады. Бұл туралы Оксфорд университетінің ғалымдарының зерттеуінде айтылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ғалымдар кәуап әуесқойларын ерте өлу қаупі туралы ескертті

Ғалымдар жүргізген зерттеуге 30-79 жас аралығындағы 341 мың Қытай тұрғыны қатысты. Оларға кәуапты қаншалықты жиі жейтіндері және оны дайындауда қандай жанармайды қолданатындығы жайлы сұрақтар қойылды.

Зерттеушілер атап айтқанда, кәуапты көмірде және отында дайындау кезінде тағамның қаншалықты жиі күйіп кететіне қызығушылық танытты.

Дегенмен, кәуапты кем дегенде аптасына бір рет отында немесе көмірде дайындағандардың көпшілігі басқаларға қарағанда жиі жүрек ауруларынан зардап шекті және олар үшін ерте өлу қаупі жоғары болды.

Сонымен қатар, ғалымдар кәуапты газ және электр плиталарында әзірлеу аурудың қаупін едәуір төмендететініне сенімді.

Талқылау