Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қатты ыстықтан адамдардың жаппай өлімі болатынын ескертті

Зерттеушілер көмірқышқыл газының антропогендік шығарындыларымен байланысты климаттың өзгеретнін айтты.

Ғалымдар қатты ыстықтан адамдардың жаппай өлімі болатынын ескертті

Массачусет технологиялық институтының ғалымдары жүз жылдықтың соңына қарай Қытай жерінің миллиардтаған адамның тұруына қолайсыз болатынын айтты. Қытайдың Ұлы жазығының солтүстігінде ыстық үдей түседі. Ауа ылғалды болып, соңы булануға әкеледі.

Сарапшылар Парсы шығанағындағы және Оңтүстік Азиядағы экстремалды ауа райының қолайсыздығы туралы ескертті. Бірақ Қытайдағы ыстық әлдеқайда күрделі болады. Парсы шығанағындағы ауа температурасы мен ылғалдылық максимумдары теңіз үстінде сақталады. Қытай жазығының ауыл шаруашылық аймақтарындағы қолайсыздықтан адам өлімі болуы мүмкін.

Ауа ылғалдылығы ауа-райының бұзылуына және өлімге әкеліп соғуы мүмкін. 35 градус Цельсия мен 100% ылғалдылық кезінде адам алты сағат ішінде өледі.

Пайдалы қазбалар мен парниктік газдар шығарындыларының ағымдағы мөлшерлемесі кезінде мұндай жағдайлар Қытайда 2070 жылдан 2100 жылға дейін пайда болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау