Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қатерлі ісіктен арылудың жолдарын зерттейтін гидрогель ойлап тапты

Польша ғалымдары адам ағзасындағы ісікті анықтайтын гидрогель ойлап тапты. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Фото: 24.kz

Жаңалықтың маңыздылығы осы ауытқуларды зерттеп, тиімді дәрі-дәрмек жасап шығаруды жеңілдете түседі.

Ғалымдардың айтуынша, дәрігерлер бұл гель арқылы дәстүрлі құрал-аспаптармен жасалған зерттеулерге қарағанда әлдеқайда артық нәтижеге қол жеткізе алады. Және де қандай да бір дәрі жасап шығару үшін жануарларға жүргізілетін тәжірибелерді де азайтуға көмектеседі.

Поляк ғалымдары болашақта бұл гельді барлық зерттеу орталықтарында пайдалана бастайтынына сенімді.

«Біздің мына ойлап тапқан сулы гель зертханалық жағдайда адамдардың денесіндегі жасушалардың өсу ортасын қалыптастырады. Ол сонысымен құнды», – деді зерттеуші Мартин Кризкавски.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстанда электронды виза енгізіледі

Елімізде ұл-қызға қырғидай тиетін педофилердің саны азаймай тұр

Алматыда тергеуші тәркілеген гауһар тастарды сатып жіберген

Талқылау