Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы ботқа мен печенье ойлап тапты

Ресейлік ғалымдар гормонға тәуелді ісіктердің алдын алуға мүмкіндік беретін тағамдық өнімдер ойлап тапты. Олар – мюсли батондары, сұлу печеньесі пен жылдам әзірленетін ботқа.

Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы ботқа мен печенье ойлап тапты

Бұл туралы «Известия» газетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өнімдердің құрамында биологиялық белсенді нутриенттер – биойод, селен және антиоксидан түрінде әсер етіп, қатерлі ісікке шалдығу қатерін төмендететін ликопин бар.

Канцерогенге қарсы заттардың құрамындағы заттар өнім өкпе, сүт және қуықалды бездері, тоқ ішек пен асқазан тәрізді жекелеген ағзалардың қатерлі ісікке шалдығуының алдын алатындай етіп таңдалған.

Ғалымдардың сөзінше, қазіргі уақытта нарықта онкологиялық аурулардың алдын алатын тағамдық өнімдер жоқтың қасы. Бұл жоба адамдарға дәрі-дәрмектің орнына, тағамдық өнімдерді қолдануға мүмкіндік береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау