Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қасты қосып жіберетін генді анықтады

Әлеуметтік желілерде әлі күнге қасы қосылып кеткен адамдарға қатысты әзілдей береді. Ал Лондон университеттік колледжінің генетиктері бұл жұмбақтың жауабын тапқан сияқты.

37b09f2141c52c97fd4d99f01c99019e__660x

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.

Латын Америка елдерінен 6500 еріктіні шақыртқан ғалымдар, оларды түсі, дене тұрқы және шашының құрылымына орай әртүрлі топтарға бөлген. Ә дегеннен олардың арасынан талшықты жабынына сай 10 адам ерекшеленген. Олардың ішінен қастың тұтасып кетуіне жауап беретін PAX3 атты ген де табылған.

Бұдан бөлек ғалымдар, шаштың ерекшелігі де төрт түрлі генге жауап беретінін, ал тықыр шаш үлгісі тек екі генге ғана себеп болатынын анықтапты.

Шашты ағартатын IRF4 гені шаштың түсін анықтайтын процесті жүзеге асырады екен. Бұған дейін ақ шаштардың пайда болуы каталаз ферментінің белсенділігінен деп түсіндірілген еді.

Каталаза сутегі тотығын ірітіп, шаш клеткаларында тұрып қалып олардың шашты түссіздендірмеуге мүмкіндік бермейді екен.

Талқылау