Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қарды жеуге рұқсат берді

Румыния университетінің ғалымдары жаңа жауған және жерде екі күннен аз уақыт жатқан қарды тағамдық мақсатта қолдану денсаулық үшін қауіпсіз екенін айтты. Алайда уақыт өте келе қатып қалған судың бактериямен ластанады екен, деп хабарлайды The Washington Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Зерттеушілер қаңтар және ақпан айларында Меркуря-Чук қаласындағы саябақ маңынан қар жинап алып, қар үлгілерін зарарсыздандырылған контейнерлерге салған. Мұнан кейін контейнерді -17,4-1,1 градуста ұстаған. Осылайша ғалымдар контейнердегі қарда бактериялар мен зеңнің дамуын бақылайды.

Анықталғандай, қаңтар айында жауған қардағы бактериялар бір күн ішінде 5 шаршы миллиметр аумаққа дейін көбейген. Ал ақпан айындағы жауған қардағы мұндай көрсеткіш 4 есе жоғары болған. Десе де 12 сағат бұрын ғана жауған қардағы микроағзалар мөлшері аз болғанымен, 2 күннен кейін ондаған микроб байқалған.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде дәрігерлер анасының кесірінен соқыр болып қалған сәбидің көзіне күрделі ота жасады

Германиялық ер адам бүйрегін арзан бағаға ауыстыру үшін Шымкентке келді

Елімізде Үндістаннан келген туристер жаппай тексеріліп жатыр

Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді 

Талқылау