Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қандай музыканың адамды күйзелістен құтқаратынын айтты

Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, нақты қандай музыка жанрының адам бойындағы күйзеліспен күресуге қауқарлы екенін анықтауға тырысқан.

1469970130_1

Фото: oane.ws

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Сынақ қорытындысы бойынша, адамды күйзеліс пен суицидтен сақтайтын нағыз хеви-метал екенін анықтапты. Сынақ жұмысына күйзеліспен ұшырасқан 30 ерікті адам қатысқан. Әр қатысушыға жеңілімен басталып, ауыр музыкамен аяқталатын әртүрлі жанрдағы шығармаларды тыңдау ұсынылған.

Нәтижесінде, 30 адамның 24-і бірнеше күн хеви-металды тыңдаған соң жағдайлары жақсара бастаған. Зерттеудің кеңейтілген қорытындылары жүйке сұрақтарына жауап беретін халықаралық журналда жарияланған.

Талқылау