Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қандай алкогольді ішімдік ішкеннен кейін жиі бас ауыратынын айтты

Бірқатар алкогольді ішімдіктер адамның әлсіреуін тым жеделдетіп жібереді екен. Сарапшы Йоко Иноэның сөзінше таза арақ ішу мейлінше бас ауруын болдырмайды.

Ғалымдар қандай алкогольді ішімдік ішкеннен кейін жиі бас ауыратынын айтты

Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

Ол джина, текила, саке секілді таза сусындарды таңдап алыңыз дейді. Және тәтті алкогольді емес сусындар мен алкогольді сусындарды араластырмай ішкен жөн.

Ал сыра бұл расында проблема тудырады. Әсіресе, қара, қоңыр түсті сыралар. Жалпы қою түсті ішімдіктерден бойды аулақ ұстаған дұрыс. Мәселен, қызыл вино ақ виноға қарағанда адамға кері әсер етеді.

Құрамында көмірқышқыл газы бар болуына байланысты шампан ішімдіктер тез сіңеді. Статистика бойынша әр үшінші адам газдалған алкогольді ішімдіктермен шөл қандырады. Нәтижесінде қатты бас ауруына ұшырайды. Бұл кезде тезірек жазылу үшін суды көп ішу керек.

Спиртті ішімдік ішемін дегенше және ішкеннен кейін кокос суын ішу маңызды. Онда калии мен электролит өте көп. Және ішкеннен кейін алкогольдің уытын азайту үшін жақсылап тамақтану керек. Бірақ, майлы және тәтті тағамдарды пайдаланбаған абзал.

Бұл ретте қызылша, орамжапырақ, жидек, сарымсақ, лимон қосылған өнімдерді пайдалану көп көмегін тигізеді.


Тағы оқыңыз >>>

Жұмыстан шаршау синдромы – сырқаттың белгісі

Құрқылтайдың ұясы бедеуліктен өзге 80 түрлі ауруға ем

Талқылау