Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Калачи ауылы тұрғындарының «ұйқы ауруына» шалдығу себебін анықтады

Ақмола облысындағы Калачи ауылы тұрғындарының «ұйқы ауруына» шалдығуының себебі радиациямен байланысты емес, қалай дегенмен бұл дерт жергілікті ауаның құрамында оттегінің аздығы, улы және көмірқышқыл газының көптігі салдарынан болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының генералды директоры Сергей Лукашенко.

10312035

Сурет:РИА Новости

«Бұл дерттің радиациямен еш қатысы жоқ екеніне жүз пайызға кепіл бере аламын. Радиация құрамында радонның радионуклиді көп. Алайда оның «ұйқы ауруына» еш қатысы жоқ. Ал, бұл дертті өз көзімізбен көрдік. Институтымыздың мамандары 2014 жылдан бері сол жақта, – дейді Лукашенко.

Бұл белгісіз «құпия» дертке шалдыққан тұрғындардың арасында екі рет ұйықтап қалғандары бар. Олар дәрігерлердің бақылауында болды. Жалпы дерт пайда болғаннан бері 133 адамның 170 рет ұйықтап қалғаны анықталды. Қазіргі кезде,  аталған ауылға облыстың әр өңірінен дәрігерлер барып, кезекшілікпен жұмыс істейді. Калачи ауылынан тұрғындар толығымен өзге өңірлерге қоныстанғанша әкімдік әлеуметтік нысандарды ұстап, халыққа қызмет көрсетеді.

«Ұлттық ядролық орталық өкілінің бағалауынша, ауаның мұндай көрінісі – табиғи қалыпты жағдай. Улы газдың көбеюі ауылдың климаттық ерекшеліктеріне байланысты туындаған жергілікті фактор. Мұнда үнемі температуралық инверсия болып тұрады. Сондықтан түтін жоғары кетпей, төменде таралады», – дейді ол.

Талқылау