Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Күйзеліс әйелдердің жүкті болуына кедергі келтіреді

Күйзеліске түсу әйелдердің бала көтеруіне кедергі келтіреді екен. Луисвилл университетінің ғалымдары зерттеуден соң осындай қорытындығы келген.

c6d7204f3cf00995133e587e53dcbbf4

Фото: dobrenok.com

Сегіз айға созылған зерттеуге белсенді жыныстық өмір салтын ұстанатын 40 жастағы және одан кіші жастағы 400 әйел қатысқан.

Сынақ кезінде оларға арнайы күнделік арнау тапсырылған. Сол күнделікке олар күн сайынға күйзелістің деңгейін 1 мен 4 балл аралығында бағалап жазып отырған. Сондай-ақ, әйелдер күнделікке өздерінің жыныстық өмірі, алкоголь, кофе, темекіні қабылдауы туралы жазып отыруы керек болған.

Сынаққа қатысқан әйелдердің барлығы жүкті болуды қалаған.

Нәтижесінде басқаларға қарағанда күйзеліске көп түскен әйелдердің жүкті болу мәселесі едәуір кешіккен. Ғалымдардың ойынша, ана атанғысы келетін әйелдер мейлінше ашуланбай, сабырды серік етуі тиіс екен.

Жіберіп алмаңыз:

Мынадай 7 белгі адамның күйзеліске түскенін аңғартады

Ғалымдар қандай музыканың адамды күйзелістен құтқаратынын айтты

Күйзелістен тым семіріп кеткен оқушы қалайша сымбатты жігітке айналды (фото)

 

Талқылау