Ғалымдар күнбағыс майының зияны туралы айтты

Күнбағыс және балық майларын тұтыну метаболизмді аурулардың даму қаупін арттырады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Гранада университетінің ғалымдары күнбағыс және балық майларын жиі тұтыну бауырға зиян екенін айтты. Майдың адам денсаулығына тигізетін зиянды әсері туралы Journal of Nutritional Biochemistry балысымында жарияланды.

Ғалымдар бұл тұжырымға егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізу арқылы келді. Ұзақ уақыт бойы кеміргіштерді зәйтүн, күнбағыс және балық майларымен қоректендірген. Сондай-ақ,  олардың бауырындағы өзгерістерді микроскоп арқылы қадағалап отырған.

Зәйтүн майы қосылған тағаммен қоректенген егеуқұйрықтардың бауырына еш зиян келмегені анықталды. Ал, күнбағыс майын пайдаланған кеміргіштердің бауырында фиброзды және ультраструктуралық өзгерістер туындаған. Балық майы болса, ол жасына байланысты тотығу процестерін арттырып, дене өлшемінің ұзындығын өзгерткен.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар тырнақ әрлеудің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін анықтады 

Дәрігерлер әйелдің ішінен 34 келі ісік алды 

Ақтөбеде жаңа босанған 28 жастағы жас ана көз жұмды 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар