Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Күн жүйесінен өмір сүруге қолайлы жаңа планета тапты

Ғалымдардың есептеуінше, Күн жүйесіне жақын аумақта Жерге ұқсас планета бар екен. Тіпті онда өмір болуы да мүмкін.

proxima_earth

Фото: earth-chronicles.ru

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Ғарышты зерттеуші халықаралық топ өмір болуы әбден мүмкін Проксима b планетасын тапқандарын хабарлады. Көлемі жерден шамалы ғана үлкен планета одан небәрі төрт жарық жыл ғана алыста орналасқан екен.

Проксима b планетасы Проксима шоқжұлдызын айналып жүреді екен. Бұл жұлдыз Альфа шоқжұлдыздары жүйесіне кіреді. Ол жұлдызды толық 11 күнде айналып шығады. Планетадағы температура қалыпты болғандықтан онда су сұйық күйде, тіпті өмір сүруге қолайлы климат болуы да мүмкін.

Зерттеушілер планетаның белгілерін 2013 жылы байқап, сосын оның бар екендігін дәлелдеуге кіріскендерін айтады. Проксима b жұлдыздарға Жер мен Меркуриден де жақын орналасқан. Ғалымдар планетада өзіндік “тропикалық белдеуі” болуы мүмкін дейді: яғни, күн түсетін орын мен су. Бұл ретте Проксима b планетасының климаты жерден айырықшаланады. Ғалымдар сондықтан да аталмыш планетада жыл мезгілдерінің ауысатынына күмән келтіруде.

Талқылау