Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ішімдіктің адамды қатерлі ісікке алып келетінін мәлімдеді

Ғалымдар спиртті ішімдіктің кез-келген мөлшері қатерлі ісіктің дамуына алып келетінін анықтады. Десе де ішімдіктің аз мөлшері жүрек жұмысына оң әсер етеді екен.

Ғалымдар ішімдіктің адамды қатерлі ісікке алып келетінін мәлімдеді

Бұл туралы PLoS Medicine басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Берндт пен оның әріптестері шамамен 100 мыңға жуық 55-74 аралығындағы адамдар қатысқан PLCO тәжірибесінің көрсеткішіне талдау жасап, ішімдіктің адам организміне ықпалын зерттеген.

Аталған тәжірибені ұйымдастырушылар простатаның, тік ішектің, жыныс безі мен өкпенің қатерлі ісігі тәрізді қатерлі ісіктің кең таралған 4 түрінің пайда болу себебін анықтамақ болған. Ол үшін қатысушылардың өмір салтын, қандай емдәм ұстанатынын, түрлі зиянды әдеттері мен тазалығын бақылапты.

Өз кезегінде зерттеу авторлары ішімдіктің адам өмірінің ұзақтығы мен қатерлі ісіктің пайда болуына ықпалын анықтау үшін, аталған тәжірибенің мәліметтерін пайдаланған. PLCO тәжірибесі жүргізілген 8 жыл ішінде шамамен 10 мың қатысушы қайтыс болып, 12 мыңы қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл жағдай ішімдік, өлім мен қатерлі ісік арасындағы байланысты анықтауға көмектесті.

Анықталғандай, ішімдік ерте өліп кетуге және қатерлі ісікке шалдығуға әртүрлі әсер еткен. Бірінші жағдайда, ішімдіктің аздаған мөлшері ерте өліп кету қатерін арттырмай, керісінше төмендеткен. Алайда ішімдіктің көп мөлшері адамда ерте өліп кету қатерін күрт арттырыпты.

Ал ішімдік пен қатерлі ісік байланысын зерттегенде, оның аздаған мөлшерінің өзі қатерлі ісік пайда болу қатерін арттырған. PLCO қатысушылары ішімдікті қаншалықты көп ішсе, соншалықты қатерлі ісік құрбанына айналған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау