Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар гамбургердің қорқынышты ауруларға алып келетінін анықтады

Жылдам әзірленетін тағам мен басқа да майлы тағамдарды көп мөлшерде жеу иммундық жүйеде өзгерістер туындауына алып келеді. Салдарынан иммунитет ерекше жағдайда жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар гамбургер, пицца, фри картоптарын сүйіп жейтін адамдарда аллергия, сусамыр және аутоиммундық аурудар пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Cell басылымына сілтеп Stan.kz.

«Мұндай өзгерістер сүйек кемігіндегі бағаналық жасушалар деңгейінде орын алады», – дейді Бонн университетінің маманы Анетта Крист.

Бұған дейін ғалымдар майлы тағамның Альцгеймер ауруының дамуына алып келетінін анықтаған еді. Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, жылдам әзірленетін тағам адамдарды не жегенін «ұмытып қалуға»  мәжбүрлейді.

Зиянды тағам сүйек кемігіндегі жасушалардағы ДНҚ-ның ақуыз қабатының сыртқы құрылымын өзгертуі мүмкін. Мамандардың сөзінше, бұл дегеніміз адамдар жылдам әзірленетін тағамды тұтынуын доғарған күннің өзінде, зақымдалған иммунитетті қалпына келтіру мүмкін бола қоймауы ықтимал.

Ғалымдар организмнің «қайта бағдарламалануындағы» әсер ететін  NLRP3 гені екенін анықтады. Алайда мұның қандай жолмен іске асатыны әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Алматы әуежайы Ерлан Көкеевтің шағымына жауап берді

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Талқылау