Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Ғаламторда ақпарат іздеу есте сақтау қабілетін төмендетеді

Ғаламтордан қажетті ақпаратты жиі іздеу адамның есте сақтау қабілетін төмендетіп, ойлау үдерісін баяулатады.

20160826000638

Калифорния және Иллинойс университетінің ғалымдары зерттеу нәтижесінде осындай тұжырым жасады, деп жазады Big Think.

«Смартфон және басқа да құрылғылар арқылы ақпарат алу көлемі артқан сайын, біз күнделікті өмірде оған тәуелді бола түсеміз», – деп жазады зерттеудің авторы Бенджамин Сторм. Оның ойынша адамдар өздері түсінбесе де интернетті қосымша «қатты диск» ретінде қолдана бастаған.
Осы болжамды тексеру үшін Сторм әріптестері Шон Стоун және Аарон Бенджаминмен бірге Калифорния университетінің студенттеріне тәжірибе жүргізген (сынаққа қатысқандардың орташа жасы – 20-да).
Зерттеушілер студенттерді екі топқа бөліп оларға спорт, поп-мәдениет, тарих саласы бойынша 16 сұрақ қойған. Сауалнама екі кезеңмен жүргізілген. Бірінші топқа сұрақтардың жауабын интернеттен іздеуге рұқсат етілсе, екінші топ жадыларына күш түсіруге, жауабын ешбір гаджеттің көмегінсіз айту міндеттелген.
Тәжірибе авторының айтуынша, ғаламтор көмегіне жүгінгендердің 30% қарапайым сұрақтардың жауабын біле тұрса да оны Гугл арқылы тексеріп шыққан.

Жіберіп алмаңыз:

Есте сақтауды жақсартудың 7 жолы

Ғалымдар ұйқының бұзылуы есте сақтау қабілетін төмендететінін айтты

Талқылау