Ғалымдар фастфуд құрамында қауіпті химиялық қосындылар бар екенін анықтады
Фастфуд құрамында қауіпті химиялық қосындылар бар. Мұнда тағам сақталатын қорап пен оны дайындау барысында қолданылатын фталаттар жайлы сөз болып отыр.
Сурет: www.retail-loyalty.org
Вашингтон Университетінің ғалымдары 8877 адамның мағлұматтарын сараптады. Еріктілер соңғы 24 сағатта не тұтынғанын айтты.
Сондай-ақ зерттеушілер мұндай тағам құрамындағы екі фталат – ди (2-этилгексил) фталат және диизононилфталат қосындысы репродуктивті жүйеге кері әсер тигізеді дейді. Сонымен қатар мамандар бисфенол А іздеді. Оның денсаулыққа зияны аз емес.
Зерттеу көрсеткендей, фастфудты көп пайдаланған адамдарда фталаттар деңгейі мұндай тағамды пайдаланатындардан гөрі 24-40% артық болған. Фталаттар дәнді және ет өнімдерінде болды.
Талқылау