Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: ет жеуді бірден қойып кету – денсаулыққа зиян

Ет жеуді мүлде қойып кетсе не болады? Британиялық ғалымдардың айтуынша, мұның салдарынан денсаулыққа едәуір зиян келуі мүмкін.

Horsemeat_platter

Зерттеушілер ет тағамдарын жеуден бас тартып, вегетариан диетасын ұстанған адамдардың денсаулығын тексеріп көрген, – деп хабарлайды 24.kz телеарнасы Independent басылымына сілтеме жасай отырып.

Айта кету керек, қазір Британия халқының үштен бірі еттің не екенін мүлде ұмытқан. Бұл адамдардың ағзасы қажетті ақуыздан қағылып, ет құрамында болатын көптеген пайдалы заттардан құр қалады.  Сондай-ақ вегандар (вегетариан сөзінен қысқартылған) арықтап, біраз салмақтан арылады.

Бірақ, бұл олардың ішек микрофлорасының қалыпты жұмысының бұзылуынан болады.  Ет жемейтін адамдар үнемі шаршап-шалдығып, көңіл-күйлері түсіңкі болып жүреді екен. Ал ең қиыны, вегетериандықтан бас тартып, қайтадан ет жеуді ұйғарған адамдардың ас қорытуы нашарлап, асқазанда жара пайда болуы мүмкін, – деп жазады басылым.

Талқылау