Ғалымдар ерлерге ішуге арналған жүктіліктен сақтандыратын дәрі ойлап тапты

Жұма, 28 Қазан , 2016 17:14

Британдық ғалымдар ерлердің ұрығын уақытша қауқаурсыз ететін дәрі ойлап тапты. Препараттың әсерлілігі 96%-ға дәлелденді. Әйелдерге арналған дәрілер де дәл осындай көрсеткішке ие.

son-beremennyj-muzhchina

Бұл туралы The Daily Mail жазды.

Препараттың басты артықшылығы – құрамындағы — прогестагенде. Оның осы аттас гормонмен ортақ нәрсесі көп. Дәл осы гормонды әйелдер жүктіліктен сақтану үшін пайдаланады. Прогестаген ер адамның ұрығын уақытша қауқарсыз ете алады. Бұл дегеніңіз дәрілік препарат уақытша болса да ер адамды бедеу етеді.

Дәрілік препарат сперматозоидтың ең белсенді бөлігін бұғаттайды. Ақырында ұрық аналық жұмыртқа жасушасына қона алмайды.

Дәрі оңды әсерін беруі үшін ер адам жыныстық қатынастан бірнеше сағат бұрын осы дәріні қабылдауы тиіс. Оның әсері бірнеше тәулікке дейін созылады.

Ғалымдардың айтуынша, зерттеу жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Ал тұтынушылар мұндай дәрілерді дәріханалардан тек бірнеше жылдан кейін ала алады. Аталған препаратты жаппай өндіру 2021 жылы басталауы мүмкін. сол себепті мүшеқап өндірушелері сұраныс азаяды деп қорықпай-ақ қойсын.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде алғаш рет күйзелістен арылу бөлмесі ашылды (видео)

Дініміз бойынша спираль салдыру дұрыс па

Сіз елемейтін сүт безі қатерлі ісігінің 11 белгісі

Ғалымдар балағат сөз айтудың денсаулыққа зиян екенін айтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар