Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ер адамдарға кез келген әйелдің жүрегін қалай жаулауға болатынын айтты

Рутгерс университетінің антропологі Хелен Фишер әйелдердің жүрегін жаулау үшін кеңесін айтты.

Ғалымның айтуынша, жер бетіндегі барлық әйел заты ер адамды бірдей көреді. Сондықтан олардың көңілін табу қиын емес.

Бірінші кеңес – әйелге ұнау үшін ым-ишараларды пайдалану керек. Қасты көтеріп, күлімсіреп, көзге тік қарау керек.

Екінші әдіс – егер өз бойыңыз 170 см-ден аспайтын болса, бойы 2 метр қыздарды таңдамаңыз. Зерттеуге сәйкес, әйелдер өз бойына сәйкес адамды іздейтіні анықталды.

Үшінші әдіс – өзіңнен шамалы жас үлкен әйелдерді таңдау. Ғалымдардың зерттеуінше, ер адамдар өзінен жас қыздармен үйленіп, кейін олардың эмоионалды қасиеттерін көтере алмай жатады. Ал, ересек әйелдер бәріне түсіністікпен қарайды.

Егер үш әдіс те нәтиже бермесе, мамандар ер адамдарға аз ғана ықшамдалған сақал қоюға кеңес береді. Әйелдердің көзіне сақалды ер адамдар түседі. Онымен қоса ер адам әзілкеш, мейірімді, көңіл бөлгіш болу керек.

Егер бұл әдістердің ешқайсысы көмектеспесе, еш алаңдамаңыз. Сіздің келбетіңіз де тартымсыз, бойыңыз да аласа болса, бәрін ақша шеше алады. Ақшаңызбен кез келген әйелді қарата аласыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау