Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер мен әйел миының жұмыс істеу айырмашылығы анықталды

Ұлыбританиядағы Суррея университетінің биологтары түс көру мен ұйқы жүйесінің бұзылуы ер адамдарға қарағанда әйел адамдарға кері әсер ететінін анықтады.

066fab1ea288b9492074b51f37816e881

Сурет: frazy.su 

Бұл, әсіресе, түнгі уақытта жұмыс істейтін дәрігерлер мен күзетшілер, полиция қызметкерлеріне қатысты.

Зерттеуге түнгі уақытта жұмыс істейтін 16 ер адам мен 18 әйел адам қатысты. Сондақ-ақ, олардан когнитивті мүмкіндіктерін бағалайтын тест алынды. Тест нәтижесі бойынша олардың назар аударуы, есте сақтау қабілеті тексерілді. Зерттеушілер электроэнцефалограмманың көмегімен ұйықтап жатқан қатысушылардың ми жүйесінің белсенділігін анықтап көрді.

Нәтижесінде ұйқы жүйесінің ауысуы ерлер мен әйелдердің когнитивті мүмкіндіктерінен гөрі сезімталдығына әсер ететіні анықталды. Соның ішінде ер адамдарға қарағанда әйелдерге көбірек әсер ететін болып шықты. Мұндай әсерлер әдетте адамның жұмыс уақытынан соң байқалуы тиіс екен.

Талқылау