Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар егіздердің ұзақ жасауының сырын түсіндірді

Егіз адамдар қарапайым адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Бұл екі егіздің үнемі бір-бірін қолдап, көмектесуі себепті екен. Америкалық ғалымдар осындай пайым жасаған.

356108_45717nothumb500

Сурет diets.ru

Дәрігерлер Данияда 1870-1900 жылдары өмірге келген егіздерді зерттеген. Ауру мен өлім деңгейін салыстыра отырып зерттеген ғалымдар егіздерде “қорғаныс эффектісі” ерекше екенін байқаған. Алайда 60 жастан асқан соң генетикалық факторлар егіздер денсаулығына белсенді әсер ете бастайды екен. Дегенмен аталған эффектілер өмір сүру жасын 10 пайызға ұзарта алады.

Ғалымдар егіздердің денсаулығы мен сезіну қабілетінің мықты болуы олардың бір-біріне көмектесу мен қолдау жасауға үнемі дайын тұратындығында дейді. Олар әрдайым бір-біріне қатты сенеді екен.

Талқылау