Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар демалыс күндері ұзақ ұйықтау ерте өліп кетуден сақтайтынын анықтады

Жұмыс күндерінде күн сайын 5 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда ерте өліп кету қаупі артады. Алайда демалыс күндері ұзақ ұйықтау арқылы бұл қауіпті сейілтуге болады екен. Швед ғалымдары осындай тұжырым жасап отыр.

Ғалымдар демалыс күндері ұзақ ұйықтау ерте өліп кетуден сақтайтынын анықтады

Бұл туралы Journal of Sleep Research журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ғалымдар 13 жыл бойы 65 жасқа дейінгі 38 мың адамның қанша уақыт ұйықтайтынын бақылаған. Олар 1997 жылдан бері тәжірибеге қатысушылардың денсаулығы мен өлімі туралы мәліметті жаңартып отырған.

Зерттеу жүргізілген 1997-2010 жылдар аралығында 3 200 адам қайтыс болған. Олардың 1 500-і қатерлі ісіктен, 1 000-ы жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болған.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, тәулігіне 5 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда тәулігіне 6-7 сағат ұйықтайтындармен салыстырғанда, ерте өлу қаупі 65 пайызға артады.

Алайда демалыс күндері ұзақ уақыт ұйықтау бұл кемшіліктің орнын толтырып, ұйқы қанбауына байланысты аурулар мен өлім қаупін азайтады.

Сонымен қатар 65 жастан асқан адамдарда ұйқы уақытын өмір ұзақтығына әсер етпейтіні анықталды.

Айта кетсек, бұған дейін ғалымдар ұйқысы үнемі қанбай жүретін адам өліп кетуі мүмкін екенін анықтаған еді.

Талқылау