Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Боралдай сақ қорғаны шоу көретін жер емес

Бүгін 18 сәуір Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай “Боралдай сақ қорғанына” экскурсия ұйымдастырылып, аталған қорғанға ағаш отырғызылды. Мұнымен қатар, тарихшы ғалымдар қорғанның алдағы уақыттағы тағдырымен бөлісті.

1

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

1983 жылы Ассамблея жанынан құрылған хатшылық бекіткен күннен бастап 18 сәуір Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау мерекесі болып тағайындалған. Алматы қаласында бүгінгі таңда 136 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Соның 82-сі архитектуралық, ал 10-ы археологиялық, қалған 44-і монументалды ескерткіштер. Осылардың ішінде “Боралдай сақ қорғаны” көш бастап тұр.

Қаламыздың мыңжылдығына арнап Алматы қаласының мәдениет басқармасы мен Алматы қаласы тарихының музейі Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне ұйымдастырылған, Ашық аспан астындағы  “Боралдай сақ қорғандарының” археологиялық паркінде ағаш отырғызылды.

3E0A6526[1]

3E0A6530[1]

Боралдай сақ қоғандары Алматы қаласының солтүстік батыс аймағында, Үлкен Алматы өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Солтүстігінде қалалық типті Боралдай ауылымен, оңтүстігінде Үлкен Алматы каналымен шектесіп,  Боралдай үстіртінің бір бөлігін алып жатыр. Бұл қорымның ұзындығы 3 шақырым болса, ал ені 800 метрге дейінгі аумақты алып жатқан тарихи-мәдени орын болып табылады.

Аса үлкен қорғандардың биіктігі 10-14 метрге дейін жетеді, ал диаметрі 80 – 150 м. Сақ обалары Жетісудің, әсіресе тау бөктері аймақтары бедерінің ерекше белгілері болып табылады. Боралдай қорғандарында б.з.д.VІІІ-ІІІ ғ.ғ. Жетісу жерін мекендеген сақ тайпалары, б.з.б.ІІІғ. – б.з.ІІІ ғ. үйсін тайпалары мекен еткендігі анықталды.

3E0A6515[1]

“Бүгін ұйымдастырылып отырған іс-шара арқылы жастарымызды отансүйгіштікке, өзінің тарихы мен елін құрметтеуге баулуды мақсат тұттық. Ағаш егіп жатырмыз. Боралдай сақ қорғандары – 430 гектар жерді алып жатқан археологиялық саябақ. Ішінде 200-ден астам үйсін обалары, 47 сақ қорғаны бар. Дәл қазір қоршау жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта су тарту мәселесін қарастырып жатырмыз”, – дейді Алматы қаласы Мәдениет басқармасы қызметкері Қалиев Данияр.

3E0A6544[1]

“Бұл жерде қорғандар ғана емес, кішігірім қоныстар да болған. Біз Ұлы қорғандардың қалдығын ғана көреміз. Жақында сканерлеудің көмегімен ғимараттың болғанын анықтадық. Адамдар мұнда б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ. келіп қоныстана бастаған. Аталған аймақтан аттың тісі, тастан жасалған еңбек құралдар табылды. Шығыс Қазақстан, Сырдария сынды жерлерде мәдени ошақтар жер бетіне жақын орналасқан. Ал дәл осы қорғанда барлығы тереңде жатыр”, – дейді Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Жолдасбек Құрманқұлов.

Ғалым, мұнымен қатар, Алматы қаласының тарихын Верный қорғанымен байланыстыратындардың пікірін жоққа шығарды.

154

3E0A6552[1]

“Бастапқыда барлығы осылай ойлады. Өйткені ол кезде қолымызда ескерткіштер болмаған еді. Қазір Алматының тарихын Қола дәуірінен бастауға толықтай негіз бар. Бутаковкада, одан жоғары аймақта ертеректен адамдардың қоныстанғанын білдік. Бұдан өзге Сақ дәуіріндегі қоныстар да өте көп. Кеңес дәуірінде арнайы зерттеулер жүргізілмеді, қаржы да бөлінбеді. 2004 жылы бастау алған “Мәдени мұра” бағдарламасының аясында Қазақстанның барлық территориясында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өкінішке орай, біз тұрған жердегі қорғандар тоналған. Ал екінші Алтын адам осы жерден табылады деп дөп басып айта алмаймыз. Барлығы бағымызға орай”, – дейді Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Жолдасбек Құрманқұлов.

3E0A6599[1]

3E0A6576[1]

Тарихшы ғалымдар аталған қорғанды сақтап қалу мақсатында экологиялық саябақ ұйымдастырмақ болған. Мұндай саябақтар Данияда бар. Десе де, олар біздің еліміздегідей үлкен емес.

3E0A6597[1]

“Қорғандардың айналасына ағаш отырғызылып, ландшафтың сақталғанын қаладық. Бұл территорияны толықтай сақтап қалатынымызға әлі күнге дейін сенімді емеспіз. Мысалы, туристік департамент бұл жерді шетелден қонақтар келіп көретіндей түрлендірмек. Бұл осы жерге жаңа ғимараттар салынады деген сөз. Соңғы уақытта ТМД аумағында туристік инфрақұрылымдар ұйымдастыру етек жайды. Егер Бесшатырда болсаңыз, ол жерге макет қойғанын көресіз. Тараздағы Керуенде де осындай жағдай. Бұл әкімшіліктің идеясы демеймін, жалпы адамдардың қалауы. Тіпті, Қазақфильм стилінде түрлендіріп, туристерді әкелгісі келетіндер де бар. Ескерткіштерге бұлай бей-жай қарауға болмайды. Егер оларды сақтап қалғымыз келсе, ешнәрсеге тиіспейік. ХХІ ғасырда постмодернизм қалыптасқан. Адамдар мұндай ескерткіштерді қазу керек, ішінде не бар екенін көру керек сынды оймен жүреді. Алайда бұл жерде ешқандай шоу ұйымдастырудың қажеті жоқ. Біз ата-бабаларымыздың қасиет тұтқан жеріне келіп тұрмыз. Олар мұнда тұрып құдайлармен тілдескен. Мәдениеттілік болуы керек қой. Біз бе, әлде сақтар ма? Қайсысы мәдениеттірек?!” – дейді Алматы қаласының тарихы музейінің ғылыми хатшысы археолог Мұрат Нүрпейісов.

3E0A6577[1]

3E0A6591[1]

3E0A6603[1]

Қорғанның ортасында орналасқан қорым Сақ ғибадатханасы болуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, мұнда күнтізбемен байланысты ғұрыптар жүргізілген.

3E0A6605[1]

Болашақта осы жерде Ашық аспан астындағы  “Боралдай сақ қорғандары” археологиялық паркі салынбақшы.


Оқи отырыңыз:

Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді (фото)

Қазақстанның сырға толы өлкелері

 

Талқылау