Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: бөлмеде үнемі жарық жағып қою денсаулыққа кері әсер етеді

Ғалымдар жасанды жарықтандырудан қашуға кеңес береді. Өйткені, бұл адам денсаулығына елеулі зиян келтіріп, остеопороз секілді ауруларды тудырады екен.

8765355

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, көлеңке мен жарықтың табиғи циклдері адам денсаулығы үшін маңызды. Бұл табиғи ырғақ жоғалған жағдайда өмір сүру барысы бұзылып, организм жұмысы да қалыптан ауытқиды”, – дейді Джоанна Мейер.

Мейер мен оның әріптестері торда өмір сүрген оншақты тышқанды бақылап, олардың жасанды жарық бірнеше ай бойы тоқтаусыз қосылып тұрса, әрекеттері қалай болады деп зерттеп көрген. Нәтижесінде тірі жандардың белсенділігі 70 пайызға төмендеп кеткен. Жекелеген деталь бойынша үздіксіз жарық бұлшық ет пен сүйегіне зиянды түрде әсерін тигізген. Ал организмде күрт қызу көтеріле бастаған.

Ал ғалымдар тышқандарды қайтадан қалыпты жағдайдағы торға әкелген кезде орын алған жайсыз өзгерістер оң қалыпқа қарай түзеле бастаған.

Сол себепті ғалымдар түнгі уақытта жасанды жарықтың астында ұзақ отыру адам денсаулығына елеулі әсер етеді дейді. Ал өкінішке орай жер бетіндегі адамдардың 75 пайызы түнгі уақыттарын жарық астында өткізеді екен.

Талқылау