Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар әйгілі Хеопс пирамидасының тағы бір тылсым құпиясын ашты

Хеопс пирамидасын зерттеушілер екі ежелгі белгісіз кеңістікке кез болды. Египеттегі ежелгі ескерткіштерге жауап беретін министрлікте бұл ақпаратты растаған.

55ee95c7-deb6-4710-a4d5-591e464f4aa8

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Олар бұл кеңістікті пирамидаға радиографикалық сканер жасау кезінде тапқан. Олардың біреуі пирамиданың солтүстік бөлігінде, ал екіншісі солтүстік-шығысында орналасқан. Әзірге олардың бір-бірімен байланысы бар екені белгісіз.

Сканерлеу жұмысы 2015 жылдың қазан айында басталған ScanPyramids жобасы аясында жүзеге асуда. Ғалымдар осы арқылы пирамидалар ішіндегі мекендерді толықтай анықтауға ынталы. Жоба барысында инфрақызыл термография, радиография және 3D қайта құрылымдау қолданылады. Сканерлік жұмыстардың нәтижесі әрі қарай зерттеу үшін зертханаға жіберілген.

Талқылау