Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар әйелдердің ер адамдарға қарағанда неге ұзақ өмір сүретінін түсіндірді

Әйелдер биологиялық ерекшеліктерінің арқасында ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Зерттеу нәтижесі Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған.

Германия мен Данияның ғалымдары зерттеу барысында бір тұжырымға келді.

Зерттеушілер Тринидад аралындағы құл саудасы (1498-1807 жылдары), Исландиядағы қызылша індеті, Ирландия, Швеция мен Украинадағы аштық кезеңдеріндегі өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштеріне талдау жасаған. Анықталғандай, Тринидадтан басқа барлық жерде әйелдер ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүрген.

Сондай-ақ, Ирландиядағы аштық кезінде (1845-1849) ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 18,17 жасты құраса, ал әйелдерде 22,4 жас болған. Індетке дейін ерлер мен әйелдер шамамен 38 жасқа дейін өмір сүрген.

Ғалымдар мұны биологиялық себептермен түсіндіріп отыр.

Олардың айтуынша, ер адамдардың аз өмір сүру себептерінің бірі иммундық жүйені бұзатын тестестерон гармонының көп шығуы.

Тағы оқыңыз:

Астанаға пойыздың үстіне мініп жетпек болған жігіт тоққа түсіп қалды

Ақмола облысында 6 айлық нәресте белгісіз себептермен қайтыс болды

Көмектесудің орнына видеоға түсірген: Астаналық жігіттердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті

Талқылау