Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Әйелдер соқырішегін алып тастаса, бала тууға қабілеті артады

Соқырішегі мен бадамша бездерін алып тастаған әйелдердің бала тууға қабілеті артады.

_90582404_thinkstockphotos-493918777

Сурет:Thinkstock

Дандидегі Шотландия университетінің ғалымдары  15 жыл бойы 500 мың британдық әйелдің медициналық картасын тексеріп келді.

Сарапшылар егер қажеттілік болмаса, дәрігердің нұсқауынсыз әйелдерге соқырішегі мен бадамша безін алмауға кеңес береді.

Зерттеу авторы Сами Шимидің айтуынша, көптеген дәрігерлер әйелдің соқырішегін алып тастағанда оның құштарлығы азаяды деп қателеседі.

Данди ғалымдары төсек қатынасына құмар әйелдердің бала тууға да, соқырішек дертіне шалдығуға да жақын болатынын айтады.

Профессор Аллан Пейси қабынған мүшелерді алып тастау арқылы әйелдің бала көтеруге мүмкіндігі туатынын айтады. Алайда, мұның қалай әсер ететінін белгісіз.

Оның айтуынша, егер осы пікір рас болса, дәрігерлер мен ғалымдар бедеулікпен күресетін дәрілер шығара алады.

Мамандар бұл тұжырымды нақтылау үшін тағы да қосымша зерттеулер жүргізу керек екенін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық дәрігер смартфон мен гаджеттің жүктілікке кері әсер тигізетінін айтты

Жүктілік кезінде желінген жемістер болашақ сәбидің IQ-ін көтереді

Талқылау