Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: әйелдер алтыншы рет көргенде ғана ғашық болады

Әйелдер ешқашан да бір көргеннен-ақ ғашық болып қалмайды. Ұзақ уақыт зерттеуден кейін британиялық ғалымдар осындай қорытындыға келген.

5b93f7b39e5b_1387169565

Сурет psychologos.ru сайтынан алынды

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

Ер адамға деген ерекше сезім пайда болу үшін, нәзік жандылар кем дегенде алты рет көру керек екен. Осы мәселенің анық-қанығына жетіп дәлелдеу үшін ғалымдар жалғыз басты әйелдерді бақылаған. Белгілі болғандай, нәзік жандылар жаңа қарым-қатынас құруда аса асығыстық таныта қоймайды екен.

Болашақ серігін анықтау үшін әйелдерге  алғашқы таныстық кезінде орташа алғанда 45 секунд уақыт кетеді екен. Алдымен олар ер адамның көзі мен жүзіне қарайды. Содан кейін жіті зерттей бастайды.

Екінші олардың көзге түсетін жері саусағы екен, неке сақинасы бар-жоқтығын анықтау үшін. Содан соң барып киім киісі, тұлғасы мен ортада  өз-өзін ұстауы, сөз сөйлеуі бағаланады.

Нәзік жандылар тіпті бір көргенде дене бітімі мен терісін, тырнағын да қарап үлгереді екен. Осыдан соң ғана барып олар сол адаммен қарым-қатынасты ары қарай жалғастыру керек пе, жоқ па екендігін шешеді.

Талқылау